10.08.2022
  101


Автор: Рза Оңғарбай

БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН АЛАҢЫНДА

Шіркін, неге шиыр болдым төзімге?
Шіркін, неге үйір болдым сезімге?
Балалардың алаңына келемін,
Үлкендерді түсінбеген кезімде.
Бұл жерде жоқ бақастықтың талауы,
Айналаңыз адалдықтың алауы.
Осы жерден тауып жаным рахат,
Желбіреді жүрегімнің жалауы.
Тауып жатыр сәби деген ел бірлік,
Көре алмадым, көрінбейді көлгірлік.
Мына өмірден таппай жүрген талайлар,
Осында екен таңғы шықтай мөлдірлік.
Талай қызық көрер еді байқаған,
Жүрек құсың пәктік жайлы айтады ән.
Балаларға қарап тұрып балбырап,
Мына өмірге туғым келді қайтадан.





Пікір жазу