10.08.2022
110
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-08-09-12-23-55.png)
ИЕК ҚАҒУ
Егдерсең де ескірмей жігіт қылық,
Жүретіндей қалада үміт күліп.
Көп нәрсені, шіркін-ай, үйреткенмен,
Жіберіпсің керегін ұмыттырып.
Біреу жылап, біреулер күлімдескен,
Баяғыша жоқты іздеп ғұмыр кешкен.
Бірге ойнаған бір кезде жолдасың да,
Иек қағып өтеді кідірместен.
Қуанармын мен бірге мақтаныңа,
Бірақ ортақ болмаспын тапқаныңа.
Сәл кідіріп, азамат амандассаң,
Тастамаймын қаптырып қақпаныма.
Асау көңіл, тасисың кемеріңде,
Белгілі ғой ақыры көнеріңде.
Иек шіркін қағылар – деп естуші ек,
Бақилық боп бұл адам өлерінде...