10.08.2022
  108


Автор: Рза Оңғарбай

Қыз біткеннің қылмаңдап...

Қыз біткеннің қылмаңдап,
Күлетіні перілік.
Жігіттердің жылмаңдап,
Білетіні серілік.
Ер азамат күлімсіп,
Арақ болды керегі.
Қатындардың қылымсып,
Қыз болғысы келеді.
Бәйбішелер зарлайды,
«Жетпейді» деп ылайым.
Кемпірлер де қартайды,
Қорғауменен құдайын.
Ақыл ойы тұмандап,
Ұмытқандай ұятты.
Шал біткенің шұнаңдап,
Шайтан болған сияқты.
Шырқын бұзды ғұрпымның,
Бала біткен «тиындап».
Ойында жоқ жұртымның
Құдайына сиынбақ.
Ғұмырында қиындық,
Көрмегендей барлығы.
Дүниені құйын қып,
Айқайлайды қарлығып.
Салиқалы салтымның,
Өзі жоқ, бар дабыры.
Қайда кеткен халқымның,
Сары алтындай сабыры?!





Пікір жазу