10.08.2022
91
Өтті-ау деп басына күн...
Өтті-ау деп басына күн,
Кей кезде шошынамын.
Айтарға әлеуметке,
Сөз таппай тосыламын.
Шаққанда ми дала мұң,
Бар еді иман-әнім.
Ормандай оратылған,
Ой таппай қиналамын.
Ән келмей ырғатылып,
Жан бейне тұр ма тынып.
Сезім де селт етпейді,
Қалғандай шырматылып.
Көңілдің сәні жоқтай,
Жүректің жаны жоқтай.
Көрінер кейде маған,
Өмірдің мәні жоқтай.
Ешкім де білмес ебін,
Тылсыммен тілдесемін.
Өмірден баз кешкендей,
Белгісіз күй кешемін.
Бір пәле сезіндің бе?
Таусылды төзім мүлде.
Жыр сұлу, таптырмайсың,
Сен менен безіндің бе?
Сенемін, ел де сенсін,
Жыр – өмір теңбе теңсің.
Таптырмай жүрген бірақ,
Тек қана сен бе екенсің?!