10.08.2022
93
ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫ
Болмашы зат болып мұңға мұрындық,
Шыбын жанды шыңғыртады құлын қып.
Адамзаттың артқанменен ақылы,
Азаймай тұр зұлымдық.
Жұмыр жерде адамдардың қонысы,
Замананың оларменен жоқ ісі.
Ақсақалдар айтушы еді «Бір бұрқап,
өтеді деп табиғаттың тоғысы».
Тәкаппарлау тағдыр деген тасырдың
Аяғына келмес менің бас ұрғым.
Бұрқ-сарқ етіп өтіп кетіп барады,
Тоғыстары ғасырдың.
Шіркін жылдар зымырандай зуладың,
Аспан жердің арасында шулы ағын.
Ей ғасырым, өрекпімей өт енді,
Сен де біраз тебірендің, туладың.
Артта қалсын дау-жанжалдар түтенген,
Келер ғасыр, сенен сауға күтем мсен.
...Бесігінді даярлай бер, Адамзат,
Туып келед сәби ғасыр сүт емген.