10.08.2022
  123


Автор: Рза Оңғарбай

МЕНІҢ МЕККЕМ

(Шахта орта мектебінің 60 жылдығына)
Балалық шақ, сені аңсап сағынамын,
Тұла бойды тербетіп тәңір ағын.
Ақ ордасы, білімнің, пәк ордасы,
Қозың болып келеді жамырағым.
Арманына қол созбай тынығар кім,
Қадіріңді өмірде мың ұғармын.
Арман қуып өзіңнен алыс кеткен,
Ізі жатыр аулаңда ұлылардың.
Бөгет болмай нарықтың кесір демі,
Мерейтойың мерейді өсіргені...
Атағыңды әлемге жая алмасам,
Алтын ұям аяулы, кешір мені.
Қиын, бірақ жайым жоқ тыйылатын,
Ақын деген бәрінен биік атым.
Еңсең еру болсын – деп тілек еттім,
Менің Меккем, Мединам сыйынатын.
Туған Таушық басы сен асыл күйдің,
Құмыңда ойнап, тауыңда тасыңды үйдім.
Мен мәңгілік шәкіртпін сен дегенде,
Міне келіп бозарған басымды идім.





Пікір жазу