10.08.2022
  116


Автор: Рза Оңғарбай

ТҮЛЕП ҰШҚАН ТАУШЫҚТАН...

Жолдас қылған ізгілік, жансаң нұрдан,


Аруларға әдемі ән салдырған.
Түлеп ұшқан Таушықтан,
ағалар көп,
Талантымен талайды тамсандырған.
Соғыс деген елімнің дертті күнін,
Солар бетін қайтарған өрт тілінің.
Солар еді жеңісті алып келген,
Солар елдің өргізген төрт түлігін.
Ойлап көрсем кешегі өткенімді,
Солар екен күлдірген көкте күнді.
Болашағың, балақай, зор болсын деп,
Салып берген менің де мектебімді.
Өрлерінде өнердің самғатып үн,
Бермепті олар, әйтеуір жанға тыным.
Ғылым қуып, өнер мен білім қуып,
Ұлдары боп кетіпті Алматының.
Ардақтысы елімнің саналатын,
Тілеп жүрем солардың саламатын.
Алаңдаймын елім, - деп,
ағаларым,
Маған тастап кеткендей аманатын.





Пікір жазу