10.08.2022
  155


Автор: Рза Оңғарбай

ТУҒАН ЕЛДІҢ ЫРЫСЫ

Маңғыстаудың май сіңген аймағынан,
Маржан ілдім мұнайдың қаймағынан.
Елім менің ересен ырыс күтер,
Атыраудың ақберен айлағынан.
Қайырмасы:
Бақ кетпес мәңгі басынан,
Байлығы шалқар тасыған.
Көзімнің ерке нұрысың,
Көңілдің көркем жырысың.
Қалайша шыдайын,
Ырыс боп ылайым.
Ағылсын мұнайың,
Туған елім.
Керуендер жосылар мұнайды артқан,
Ұрпақ көрер ұтымды ұпайды ертқан.
Құбыр жатар қазақтың қырларында,
Батыс, шығыс, Қырым мен Қытай тартқан.
Қайырмасы.
Табысыңа туған ел қол асамын,
Мыңжылдыққа мұнаймен жол ашамын.
Бақытымның ертеңгі бастауындай,
Мұнайыммен баянды болашағым.
Қайырмасы.
Келешекті кемеңгер кеңес білер,
Дей алмаймын үніңді кем естілер.
Байлығы бар, бағы бар, бұл қазағың,
Талайлармен терезе теңестірер.
Қайырмасы.





Пікір жазу