ӘКІМДІК ПЕН АҚЫНДЫҚ
Замана жағдайыма қараспады,
Ақ тілек арманымды аластады.
Құйрығын қос кеменің ұстау қате,
Әкімдік ақындықпен жараспады.
Ел – халық адалдықты сыйлайды екен,
Таупықсыз машығымды қимай не етем?!
Әкімдік ақындықтан ала бөтен,
Екеуі бір кеудеге симайды екен.
Ақындық жаратылған періштеден,
Әкімдік мансап, жұмыс сен істеген.
Қалыпты талайлардан, Абайлардан,
Шаруа сияқты бір келіспеген.
Әкімдік қорқақ болсаң ылғи апат,
Жетесіз, жемқорларға сый-сияпат.
Бұл халық қанша адалмын десең дағы,
Құмар-ақ жасатуға бір қиянат.
Толқысам, тебіренсем, тек демедің.
Шаттансам, шабыттансам шектемедің.
Кешірдің қатем болса бетіме айтып,
Бірақ та «керегің жоқ, кет» демедің.
Кезім жоқ ортаңызда мен жүдеген,
Елім-ай, өздеріңмен елжірегем.
Сендердің сезімдерің құйылыпты.
Кеудеме болып менің мөлдір өлең.
Келеді енді менің сырға бөккім,
Жүректің жұбанышы жырға кеттім.
Әкімдік, сен де мені кешіргейсің,
Мен сені жыр жолына құрбан еттім.