09.08.2022
  112


Автор: Азамат ОРЫНБАСАРОВ

Қалықтайтын биікте қыран шабыт

(Мұқағали Мақатаевқа)
Қалықтайтын биікте қыран шабыт
Құлап түсті, ұшушы ед ұран салып.
Суықты да елемей, ыстықты да
Шарықтаған шақтары жүр аңсалып.
Жер жүзінде жүрсе де кіл ақылды
Қыран шабыт соны аңдып тұратын-ды.
Жұлып алып кетуге жан айқайын
Іліп алып кететін бір ақынды.
Түн сыйғызып арманын сияға аққан
Зарлы ақынды жұбатып тия ма ақ таң?
Қанат тағып қиялға жұлдыздардан
Қаламына қара өлең ұялатқан.
Ақиқатты ақтарған күпті келіп,
Негізі ақын жүрек мықты делік.
Муза көкке тартқылап, ажал жерге,
Қара пиғыл ақыры шықты жеңіп.
Ажал дейтін құшақтап көңілдесін,
Найзағай боп жарқ етер өмірде шын.
Қаламы да ешкімге сыр ашпайды,
Жеткізетін жыр-жүрек көмілгесін...





Пікір жазу