meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  09.08.2022
  149


Автор: Сандуғаш ШОРТАНОВА

МАЗАМДЫ АЛМАҢДАР

Мазамды алмаңдар,
Мазағың мен емес.
Мазамды алғандар,
Мазамды елемес.
Мазасыз күйдемін,
Махаббат – есірме.
Мен сені сүйгенмін,
Мамырдың кешінде.
Мұң тұнған жаным бар,
Мекенім аза бел.
Мұнартқан сағымдар,
Миыма маза бер.





Пікір жазу