09.08.2022
91
Сеземін емессіз жырақта...
Сеземін емессіз жырақта,
Келеді құлаққа ортақ үн.
Мен Сізді іздеймін... Бірақ та
табудан қорқамын.
Үрей бар жүректі шайқаған,
Сейілте алатын шамам жоқ.
Табудан қорқамын... Қайтадан
жоғалтып алам деп...