09.08.2022
71
Сіз де жоқсыз...
Сіз де жоқсыз...
Өмірім де құнарсыз,
Өрекпіген өлең де жоқ сондықтан.
Бақытты күн кешіп жүрген шығарсыз,
Менің болса, жаным қалды зорыққан.
Салдық құрып жүр ме екенсіз жайдары,
Жолыңызда жолықтырып талай қыз.
Сізсіз аққан тіршіліктің жәй бәрі,
Сізсіз атқан әрбір таңым арайсыз.
Дәрменсіздік... Шарсыздық... Талды бой...
Жалықпағам жолыңызды торудан.
Сізсіз тұра алар емен... Қалды гой
Сізсіз мына өмір өмір болудан.