09.08.2022
  134


Автор: Сандуғаш ШОРТАНОВА

Күллі істің таба алмай орайын...

Күллі істің таба алмай орайын,
Күн кешіп жатырмын дәмесіз.
Мен Жібек болмай-ақ қояйын,
Төлеген емессіз және Сіз.
Біздегі махаббат әйгі боп,
Қалмасын кейіпте ұнамсыз.
Жарыта алмаспын Ләйлі боп,
Мәжнүнім Сіз емес шығарсыз.
Жанымды сан түрлі ызғарлы ой
Тоңдырды шыға кеп ғайыптан.
Ақбөбек не теңім?! ...Сіз бар ғой...
...Садаға кетіңіз Қайыптан.





Пікір жазу