09.08.2022
87
Айтқанымның түгел барі өтірік...
Айтқанымның түгел барі өтірік,
Не деп кеттім, сандырақтап, көпіріп...
«Арман» деймін...
Ха-ха-ха! Ойпырмай,
Махаббатсыз қалсын бәрі өкіріп!
«Сүйме» деймін, «Келме» деймін есіріп,
Әмір етем қойыныз деп кешіріп...
Жүрегімді тас қып іштен құлттап ап,
Сосын жүрем өз-өзіме өшігіп..
Қиялменен қидырып ап некесін,
Жүрген жан ем...
Өзгеде жоқ жеке ісім.
Ғашықтықсыз, пәк сезімсіз хәм Сізсіз,
Түгел барлық арманымның шекесін...
(Ұрайын)