09.08.2022
105
«Сүйем» дейсiз...
«Сүйем» дейсiз...
«Жетем» дейсiз «бiр аттап»,
Қуанғаным, мұңайғаным ұнап қап.
Қол созасыз маған қарай...
Мен болсам
Барам Сiзден жырақтап.
Керек емес!
Сүйменiзшi құлай тым,
Жағдайда емен ұнататын, ұнайтын...
Жайым да жоқ бас айналып бақыттан,
Ағыл-тегiл жылайтын.
Iздемеңiз! Келмеңiз де...
Болмайды!
Жалғыздықтан жаным тiптi тоңбайды.
Жағдайым жоқ бiр шаттанып, мың рет
Жұтып жүрер зор қайғы.
Қол созбаңыз, маған қарай ұмтылып,
Танытсам да түрлi мiнез, мың қылық.
Көрмегендей өте шығың...
Кездейсоқ
Жолығыссақ бір күнi...
Жо-жоқ! Мүлде отқаным жоқ жаратпай,
Қалатындай Сiзсiз әппақ таң атпай,
Сүйем Сiздi...
Алар емен бiрақ мен
арманымнан әрi аттай...
Кешiрiңiзшi!