09.08.2022
113

Мен сені ұмытқым келеді...
Мен сені ұмытқым келеді,
Сезімнің жолынан жаңылып.
Жаныма бәрінен керегі –
Өртеніп, жоқ болып ақ үміт.
Сен сүйген әндерді тыңдамай,
Есімнен шығарам өткенді.
Өзіңе арнаған жыр талай,
Ұмытқым келеді көктемді.
Мен үшін дәл қазір бәрінен,
Ең жақсы әуен бұл – үнсіздік.
Кермектеу махаббат дәмінен,
Жүргенім жақсырақ жырсыз түк.
Жалғыздық – ең жақсы жар маған,
Табылар жанымнан әр күні.
Сенсіз де қауыздай тар ғалам,
Сенсіз де жетпейді барлығы.
Мен сені ұмытқым келеді,
Елес-күн жанарға оралмай.
Өткен күн жаңармас, көнерді,
Бақыт боп жана алмай, бола алмай.
Мен сені ұмытқым келеді...