09.08.2022
141
ТАҒЫ ДА ҚОШТАСУ
Сағынумен күндер өтті қаншама,
Сені сүйіп қалғанымды жар сала?!
Ұмыта алмай ғазиз-жанды қинадым,
«Ұмытшы» деп көзіңнен жас тамса да...
Періштедей келбетіңе көріктім,
Есалаңдай сонша құмар болыппын.
Бейғамдықпен ғұмыр сүріп жатқанда,
Қайдан ғана маған, қалқам, жолықтың?!
Кезіктім де бар әлемді ұмыттым,
Алдамшы үміт жан дүниемді жылытты...
...Бірақ бәрі бекер екен, О, Жалған,
Тағдырымды шешіп берді Ұлық Түн!
Көкірекке кетті сосын шер толып,
Сағыныштан түн жамылдым көрпе ғып.
Қалай ғана естен шығар қалқатай,
Ешкімде жоқ саған біткен еркелік?!
...Жәудіреген жанарыма шық тұнып,
Өтуде өмір жалғандығын ұқтырып.
Тек есімде бар қалғаны бір сөзің:
«Келме маған, мекенімді, тіпті, ұмыт...»