09.08.2022
  100


Автор: Мұхамбетберді СҮЙІТОВ

Домбырада шерте алмаймын күй арнап...

Домбырада шерте алмаймын күй арнап,
Жұматайдай Кенежирен жоқ менде.
Бар болғаны өзің жайлы қиялдап,
Өзің жайлы өлең жаздым көктемде.
Иегіңнің бір меңіне телмірдім,
Қарақаттай көзіңе де қамалдым.
Сері жігіт болсам-дағы, тең құрбым,
Саған әшейін жай біреу боп саналдым.
Хафиз ұқсап бір меңіңді ардақтап,
Сол үшін де қос қаланы сатпадым.
Құр жыр жазып жүре бердім қалбақтап,
Сондықтан да бәлкім саған жақпадым.
Айналғанда қала бердім қиылып,
Кеще жандай жөн-жосықсыз көп күлем,
Жұматайдай тағдыр маған бұйырып,
Менің-дағы түбіме бір жетті мең.





Пікір жазу