09.08.2022
  99


Автор: Фархад МҰСАЕВ

Жаным менің жүзінен нұр таралған...

Жаным менің жүзінен нұр таралған,
Тұла бойы адалдықтан нәр алған,
Менің мына маңдайдағы қос көзім,
Сені ғана көру үшін жаралған.
Жаным менің тоты құстай таранған,
Бір өзіңнен құралғандай бар арман.
Менің мына жұдырықтай жүрегім,
Сені ғана сүю үшін жаралған.
Жаным менің бір өшпейтін санамнан,
Айнымаған мақта кеуде маралдан.
Менің мына қос қанатым, қос қолым,
Сені ғана құшақтауға жаралған.
Жаным менің таптырмайтын ғаламнан,
Ер бақытты сендей жанды таба алған.
Менің мына жүретін қос аяғым,
Саған ғана бару үшін жаралған.





Пікір жазу