09.08.2022
  136


Автор: Фархад МҰСАЕВ

ЖІГІТ МҰҢЫ

Қадір тұтқаным сені қимағаным,
Сені көрсем қаралай қиналамын.
Қалбалақтап жүргенде аңдамаппын
Сүйгендігім екен ғой сыйлағаным.
Жүруші едім жабықпай, алаңдамай,
Құдай атқыр тап болдың маған қалай?
Жұлып кете жаздады жүрегімді
Бір сағыныш сүйрелеп саған қарай.
Құмақ жерде ұқпаппын бұлақ барын,
Тау бұлтындай жылжып кеп тұрақтадым.
«Құдай атқыр» дегенге өкпелеме
Ол менің сені қатты ұнатқаным.
Болғасын ба дәмесі бақтан дардай,
Ренішті қайғы-уын татқан таңдай.
Жаныңдағы бейнеден шошынамын
Табанасты жыланға тап болғандай.
Сезім - өзен сезерсің тоқтамасын,
Сезбесең де онымен жоқ таласым.
Жүрегімде көп шығар жалған іздер
Алайда сен – ұлы жол – боп қаласың.





Пікір жазу