09.08.2022
94
КЕШҚҰРЫМ НЕМЕСЕ КӨКЕЙДЕГІ САУАЛ
Көктегі күннің қызыл арайына малынып,
Қып-қызыл көрпе кең жүрегіңе жамылып,
Қып-қызыл нұрдан қып қызыл жауһар тағынып,
Жатырсың, Каспий...
Қарбалас тірлік қамымен
Өтіп барамын машиналармен ағылып.
Келген шағымда өзіңді, Каспий, сағынып,
Қып-қызыл нұрлар қып-қызыл жас боп көрінді,
Каспийім досым, тұрсың ба әлде жабығып?!