09.08.2022
124
Естен кетпейді, естен кетпейді сол күндер
Естен кетпейді, естен кетпейді сол күндер
Сол күндер нағыз жұмақтай маған көрінген.
Көрінген сонау әншейін жатқан солғын жер
Сол күндер гүлдеп, жұмақтың гүлі терілген.
Көкала жапырақ, ақ қайың толған қайың бақ
Естелік үшін тәңірім қойған дайындап.
Дайындап қойған қайыңға талай ғашықтар,
Ашып бар сырын аттарын жазған ойып-ақ.
Біздер де салдық, есіңде ме еді белгіміз
Белгіміз салған жаз өтті міне келді күз.
Келді күз міне сарғайтып жапырақтарын
Сол шақтарым-ай, бүкіл ғұмырға бергісіз.
Дәл қазір айтсаң, сенгісіз...