Жабығып жаным жапанда жалғыз сырымды ұғар ешкім жоқ....
Жабығып жаным жапанда жалғыз сырымды ұғар ешкім жоқ,
Өзіңсіз жалған елесті күндер зарығып бастан кештім көп,
Осынау күйкі мылқау тірліктің құны жоқ маған бақырлық,
Өзіңсің жалғыз мәңгілік арман, басқаның бәрі бес күндік.
Кей күні мылқау мынау дүниенің селт етпес қара жүрегі,
Тағдырдың ауыр соққысын көрсең, мейірімсіз көзбен күледі.
Сағынып сені, қамығып жүріп, жалыққан күйбең тірліктен,
Жүректің сенсің бір емі!
Жабығып жаным жапанда жалғыз, сырымды ұғар ешкім жоқ,
Өзіңсіз жалған, елесті күндер зарығып бастан кештім көп,