09.08.2022
  108


Автор: Гүлсім ДҮЙСЕНБАЕВА

ШЫРАҚ

…Таң атып келеді!
Әлемге әсел әр ақық төгеді,
Ынтызар еткен еркемді
Ырғағына бөлеп дала шық тереді…
Таң атып келеді…
Жалғанға жарық таратып келеді…
Асқардан алыс шапыраштанып
Шұғыла шуақ тағы атып келеді,
Тағы атып келеді…
– Арман қияға қанаттандырады!
– Ия, және ол талаптандырады…
– Күнім-ау, мөлдір ең неткен
Бірақ, сол арман артық азаптан тұрады.
Ал, өмір деген… қызық
Ол әрбір қатты мен тәтті тағаттан тұрады.
– Білем ғой.
– Білемісің?.. қайдан білдің?
– Шуағынан оқыдым қайнар-Күннің.
Нөсерінен нәуеттің нәрін ішіп,
Ерінінен сезіндім қаймақ-мұңның.
– Күнім менің!..
Дәуір-дала тербеген бесігінде,
Шежіре-қарт шындығы шешілуде…
Сонау ерте заманда екі достың
Бір аруға ауыпты есі мүлде…
…Асқақ еді Ай-ару асқаралы,
Қалмағандай қылуға басқа амалы:
«Ғазал таудың басына От жағылсын,
От иесі өшпеген бас болады!»
Шарты ортаға осындай тасталады,
Шын достыққа шын сынақ басталады.
…Төрткүл әлем атырған бар шуақ таң,
Тамырынан тірлікке тасып аққан.
Ай менен Күн жаралған Өз Отынын
Досына салып кеткен сол шырақтан!
Ай менен Күн – аспанның асылдары,
Құпиясы ғадауат ғасырлардың.
Ұлы сезім біздегі… ең шынайы
Сол шырақтан Достық боп шашылған Үн!
Мен үшін… мұндағы әр көк тас мамық…
Мен деген… көктемнен кеш қалып…
…Жан досым, жағада отырмын
Ғажайып достықты еске алып…
Сол шырақ… Досқа – Үміт!
…Таң атып келеді!..





Пікір жазу