ЖЕЛТОҚСАН ЖЫРЫ
Әйгілей ме үніңді асқар далам,
Қайран жүрек, неден де жасқанбаған?!
Қасиетін қалқалап қанатына
Қасіретін көтерген қасқалдақ-ән!
Желді тоқсан...
Қан тоқсан....
Қаралы күн,
Жұдырықтай жүректің жанары-мұң.
Көкіректе сыздаған ізі қалды,
Кім қайтарар жандағы жара құнын?
Сексен алты – дәуірдің дүрбелеңі,
Дүрбелеңмен Дүр-шындық түргеледі...
Бастау алған баянды болашаққа,
Баспалдақтар қалдырған дерегі...
Жауыздықтың шек бар ма кермегінде,
Желкен-сенім желге апат көнбедің бе?..
Пейіш-нұрдан жаралып..
Мен сол уақыт..
Періште оймен сезіндім жөргегімде..
Салқындықтан санада сыз бар әлі,
Сарқын бұлттар күз-қаланы.
Қайсар рухпен аңсаулы таң атырған,
Қанды жылдың мен де арман мұзбалағы.
Шүкір, шүкір,
Таңы атты еркіндіктің,
Азат ұлдың айнымас сертін күттім!
Жан жарасы жазылар...
Уақыт-өлшем,
Ар жарасы.. айықпас дертіңді ұқтым...
Сезіміңнен кіршіксіз сыр ұқтырып,
Семсер Ождан бұлқынды..
Суытты Үміт.
Арман болып аспанға ұшып кеттің,
Ақтық рет ақ таңға күліп тұрып