09.08.2022
  93


Автор: Әнуарбек БИМАҒАМБЕТ

АЙҒА СӘЛЕМ

Он төртінен сәлем-дүр толған айға,
Көбелек қар қонады жолға майда...
Аман көрген, ай көрген біз пақырға
Ақырғы түн осы түн болмағай да.
Ай ұқтырды...
Су қараңғы жанымды айықтырды.
Тап осы түн табам-ау іздеп кетсем,
Түнге сіңіп жоғалған ғайып-пірді.
...Жалғыз мола басында жалғыз бала
Жаратқанға алақан жайып тұрды.
Жаныма ауыр, пір ием, тиесің тым.
Түн баласы сүймесе иесін шын,
Алпыс екі тамырдан анашымның
Сүт-сәуленің иіген киесі ұрсын!
Сүгір дала...
Сүт-сәуле...
Сүттей жарық...
Бір арманың барасың бітпей қалып.
Ай астында адасқан жалғыз сен бе?
Келеді ақыр, келеді ол...
Күтші, ей, ғаріп...





Пікір жазу