09.08.2022
125
Өзегімді өртеп, өкініш салып өрнегін...
Өзегімді өртеп, өкініш салып өрнегін,
Ерніме келіп татиды ащы, кермек үн.
Сезілмей тіпті түскені жарық сәуленің,
Бозғылттанып тұр бұрыштары да бөлменің.
Дүниені жарық, сен болмағасын, көрмедім,
Әуендері де таныс емес шерткен перненің.
Сағынышымды сарытап қылып, демдедім,
Өзімше солай жаралы жанды емдедім.
Неге сен, жаным,
Неге сен, жаным, келмедің?
Кірпігі жасқа шыланған көзді көрмедің?!.
...Жыл бойы күткен,
Ғасырлап күтер сарғайып,
Сағынышымсың сен менің!