09.08.2022
  108


Автор: Нұргүл МАУЛИНА

Куанып, қанша тасып та...

Куанып, қанша тасып та,
Күндерім алға асыққан.
Алдама мені, арманым,
Жігерім, мені жасытпа!
Сенімім менің еңселі,
Сезімнің өткір семсері.
Алдама мені, арманым,
Өзім деп ұққам мен сені!
Көңілдің басып пернесін,
Шағала қанат сермесін.
Мен, жаным, сүйем өмірді,
Ішінде өзің жүргесін!
Жаныма нәзік гүл еккен,
Сағынышым ол самғаған.
Өзіңді сүйген жүректе
Күтуден басқа бар ма амал?!





Пікір жазу