09.08.2022
96
Жаным жүр ед сергелдеңде...
Жаным жүр ед сергелдеңде,
Жаным менің, сен келдің де;
Сәуле құйдың,
Сезімімнің
Әуенімен тербелдім де.
Шаттандым мен шуақтардан,
Нәр алып жыр-қуаттардан.
Арманым-ау, жанымның ақ
Періштесі сияқтанған.
Құралған сан сұрақтардан,
Жүрегімнен сыр ақтарған.
Аялаумен, аямаумен
Күлдірді де, жылатты арман.
«Тағамын, - деп, - жақұт гүлін»,
«Жеңемін, - деп, - уақыт мұңын»;
Үміт күткен болашақтан
Сеніміммен бақыттымын!