09.08.2022
124
Көңілдің сырын ақтарған...
Көңілдің сырын ақтарған,
Өзің деп таң боп атты арман.
Сыр шертіп, саған отырмын,
Жарияланбайтын хаттардан.
Жаным-ау, қайда жүрсің сен?
Ойымда – өзің, күрсінсем.
Бақытты менен жоқ ешкім,
Жымиып қарап, бір күлсең.
Жаныма жалын жағардай,
Не күйге салдың тағы, Алла-ай?!
Санам жүр менің шарқ ұрып,
Жүректің емін таба алмай...