09.08.2022
  117


Автор: Нұргүл МАУЛИНА

Бар екен шығар биігім...

Бар екен шығар биігім,
Ақылыңа ерек ұйыдым.
Есіме салар өзіңді
Ұстаған әрбір бұйымың.
Еңбегің қалай өтелед?
Тұрушы ең төрге жетелеп.
Шешемнің шебер қолымен
Басылған киіз текемет.
Паш еткен халық дәстүрін,
Иірген өзің бас жібін;
Шаңыраққа шырай беретін
Тоқыған теріп басқұрың.
Түріп бір тастап іргені,
Жайқалып жанның гүлдері;
Сексеуіл шоғын маздатып,
Шәй ішкім келіп жүргені!
Жүзімді тосып сәулеңе,
Мұңдасқым келіп жүргені.
Басымды қойып кеудеңе,
Сырласқым келіп жүргені.
Түсінер кім бар жанымды,
Тындайтын салған әнімді?!
Сағындым аппақ әжемді,
Сағынып кеттім ауылды!





Пікір жазу