09.08.2022
168
ЖУСАН
Күмбірін естіп күйсандығымның,
Бозғылт белдердің бусанды құмы.
Сексеуіл өскен сары даладан
Жаныма жақыны – жусанның үні.
Сезімнің мөлдір мұнда бұлағы,
Сондықтан аңсап тұрғаным-дағы.
Жусан исіне мас болып жүрем,
Сәби-сезіммен құндағымдағы.
Көлеңке-көңіл, күйге еріп, шаттан,
Арсыздық деген дүлейден сақта!
«Табиғилық» деп танимын сені,
Жасандылықтар көбейген шақта.
Сағыныштан сары күз боп реңім,
Елеңдеп тұрар түзге күреңім.
Жұпарын шашар жан сарайыма
Жусанның исін іздеп жүремін.