09.08.2022
  171


Автор: Алмас АЛТАЙ

«Өтінемін, әзірге мазалама!»

«Өтінемін, әзірге мазалама!»
Амалсыз көндім мұндай жазаға да.
Мен туралы ойлардан сендік сана
Тек телефон шалмасам тазара ма?!
Сенен өзге ешкіммен сырласа алман,
Таба алмадым жан жақтан мұңдасар жан,
Сыр менен мұң...
Мұң болды даусыңды есту
Бір күн өтті шыдамды сынға салған.
Өтті күндер сенісіп сыр ақтарған,
Әрбір сөзің жүрекке тұрақтаған.
Енді саған қоңырау шала алмаймын,
«Мазалама» дегенсің,
Шыдап бағам.
Даусыңды естіп, жай ғана амандасып,
Тұра алмаймын...
Кеткендей бағаң да асып...
Мазаламай жүрмін ғой, өзімше боп,
Кетті бірақ өзімнің мазам қашып...





Пікір жазу