09.08.2022
148
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-08-09-12-07-39.png)
Сенім де, сезім де суалған...
Сенім де, сезім де суалған,
Шақтарда шалқыған жыр едің.
Айықпай жүргенде тұманнан,
Ғайыптан жарқ еткен нұр едің.
Басымнан заман ба күн ауған,
Күнікей сенсің бе, Күн елің?!
Бас қатып, саны жоқ сұраудан,
Өзіңсіз жабықтым, жүдедім.
Ойым да тәуелді, бұғауда,
Оның да сен едің тірегі,
Оңай ма, сүйгенге жыр арна,
Жаным, мен өзіңді сүйемін!
Бір Тілек... Тәңірден,
Бір Арман...
Бір Үміт...
Бір ғана тілегім...
Туса ғой, шіркін, күн алдан,
Төлеген құшатын Жібегін!