09.08.2022
  121


Автор: Алмас АЛТАЙ

Мұңайып отырмын... көңілсіз...

Мұңайып отырмын... көңілсіз...
Кейпіме сын тағып айналам.
Ой да көп сан сапат сенімсіз,
Сенімсіз...
Ешкімге жаймаған.
Күн өтті, реңі тым күрең
Ұқпадым, тірліктің не мәні?
...Ұйқысыз өткергем түнді мен,
Ойымнан шықпадың сен әлі!
Өмірді ойладым өзің деп,
Қоштасқым келмейді, түсінші.
Ұқпашы, тым жалған сезім деп,
Сендім деп қолыңды ұсыншы?
Тым терең кеттік деп сақтандың,
Неге тым үркексің? Ұқпадым.
Есімің жүректе жатталды,
Сол сорлы жүректің ұқ, халін.
Арпалыс...
Бір Үміт, сан Күдік...
Сол сәттер...
Жүректе қалды ма із?!
Сөнбеген өзіңсің жалқы Үміт,
Көгімнен аққанда бар жұлдыз.





Пікір жазу