meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  09.08.2022
  109


Автор: Алмас АЛТАЙ

ӨЗІҢ ДЕУШІ ЕМ ӨМІРДІ...

Өзім жайлы ойлауды ұмытып ем,
Сен ғана боп қайнары мендік ойдың.
Мәңгі мұздан жүректі жылытып ең,
...Емін қалай табайын шерлі бойдың?
Жаным, жаным...
Жүректің дерті басым,
Ақ дегенің алғыс қой, қараң қарғыс.
Дос жылайтын күн бүгiн, күлiп қасым
Жүректегі тереңде Жарам Жалғыз!
Жаным, жаным...
Күлгеніңді сән деуші ем...
Сән деуші ем, жүрек қаққа жарылып.
Сол күлкіңсіз бар ма өмірде мәнді өлшем?
Жаным, жаным...
Жүру қалды сағынып...
Мен айтатын мәңгілікке ән деуші ем
Шынымен ақ, бейнең бұлдыр, елес пе?!
Жалғыздарға Тәңір өзі жар деуші ем...
Жаным сенсіз Алмас жалғыз...
Емес пе?!





Пікір жазу