09.08.2022
84
ЕРКЕТАЙҒА
Күдіктен тапсам деген үміт басым,
Көп іздеп, көзге ілінбей еш бұрымды.
Күйіме сынып досым, күліп қасым,
Көбейді жалқы жортыс кешқұрымғы.
Көп арман...
Кейде алыс, көз ұшында
Кей кезде қол созымдай қашық қана.
Күндерім айға барып тоғысуда...
Күрең күн...
Күшті болсаң қашып қара.
Кездерден бал жұтысқан рең қашып,
Көздерден сыр аңдайтын бір тұңғиық.
Көктеме...
Көздер қайда кілең ғашық?!
Күндер-ай, жүретұғын сылқым сүйіп.
...Күн аунап қабағынан теңіз қарттың,
Кермек дәм татыған кеш...
Келем жалғыз...
Көңілдің кірбің кірін ағызбақ кім
(...Кім білген кездесерін нағыз бақтың...)
...Керме қас, келбеті нұр елік қызды,
Келгені қатарыма серік қылғым.
Көнер ме жүрек дерті, желік бұзды,
Кінәла, кінәлама, елік құрбым!