09.08.2022
94
СӨЗЖЕТПЕС СҮЙГЕНІМ
Алтынмен, күміспен қаптадым,
Жаным деп жыр жаздым, жақпадым.
Көркіңе сай келер, мына мен
Ешқандай теңеу сөз таппадым.
Жүрегім қиналып жүр менің,
Жұлдызым, Айымсың, Күн дедім.
Бәрінен асатын көркіңе
Қандай сөз айтамын, білмедім?
Сөзіммен жақпадым, не дейін,
Сөздерден құрғады көмейім.
Сен үшін өмірде не қымбат?
Айтшы өзің? Мен соған теңейін.
Арнадым өзіңе тағы жыр,
Қиналған жанымның зары бұл.
Қазақта сөз көп қой дегенмен,
Өзіңе жетпейді бәрібір