09.08.2022
  90


Автор: Жандос ДЕМЕСІН

ҰҚСАСТЫҚ

Ұқсастық толы айнала, ұқсас қой бәрі барлығы,
Ұқсас боп кейде жатпай ма, кейбіреулердің тағдыры.
Жұмбақ па, тылсым шешусіз білдіреді екен бұл нені?
Ұқсас қой тіпті біреудің жүргені, жылап күлгені.
Осылардың жауабын, таба алмай жүрміз біз анық,
Қызарып барып батқан күн,Шығады неге қызарып.
Сұрақтар көп қой өмірде, тереңге салған түбірін,
Бірінің тапсаң жауабын,жауабы шығар бірінің.
Дүние деген осындай ұқсастық толы айнала,
Өзіңдей ұқсас бейне тұр, көзіңді салсаң айнаға.
Астапыралла не дейді?! МЕНМЕНДІК атты көшеден,
Ұқсаймын дейтін құдайға, біреуді көрдім кеше мен.





Пікір жазу