09.08.2022
  101


Автор: Жандос ДЕМЕСІН

САҒАН – 2

Саған деген сезімдерім өліпті,
Басқа бір қыз бақытым боп жолықты.
Сенен гөрі әлдеқайда ақылды,
Сенен гөрі әлдеқайда көрікті.
Жанарыңнан мөлдір тамшы моншақтап,
Жылап тұрдың үнсіз ғана сол шақта.
Сүйем деген серттен тайып кетіппін,
Айрылмастай болсақ та..
Айтайын ба, енді саған ақталып,
Жүректегі бар сырымды ақтарып.
Мұның бәрі түсім екен әшейін,
Соны біліп кеттім лезде шаттанып.
Махабаттың шаттығына мастанып,
Жүргендер бар, бақытынан кеш қалып.
Мендік жүрек ұйқысынан оянды,
Сені ғана еске алып.
Сен тұрғанда өзге жанмен ісім не?
Мұң түсірмен сендей сұлу мүсінге.
Шынымды айтсам, сенен асқан сұлуды,
Тек ұйқыда көреді екем түсімде.





Пікір жазу