09.08.2022
  117


Автор: Жандос ДЕМЕСІН

БАЛА МАХАБАТТЫҢ ЖЫРЫ

Сеніп қалып елдің айтқан сөзіне,
Жасқа қарамайды деген махабат.
Сөз айтып ем жігітсініп өзіңе,
Оң жағымнан шарт еткіздің шапалақ.
Тыңдалмады арнап келген ниет етіп,
Менің бала сезімімнің әуені.
Бара жаттың күліп маған кекетіп,
Мұрыныңды сүртіп ал деп әуелі.
Қала бердім беті қайтқан сезіммен,
Талын жұлып маңдайдағы кекілдің,
Жасым кіші болғанына өзіңнен,
Нақ сол сәтте өте қатты өкіндім.
Жасың үлкен қарамадың пысқырып,
(Шығар бәлкім менікі де жындылық)
Сол күн кеште үй жағыңда ысқырып,
Келіп тұрды сені сүйген бір жігіт.
Шықпай қойдың..
Әлгі жігіт бұйыммен,
Маған келді, көңілі де жүдеулі.
Сені барып шақыруға үйіңнен,
Мені жұмсап жіберді.
Үй жағыңа бардымдағы жақындай..
Білдім сосын құдай қоспас бізді анық.
Сонда да мен қайтып келдім шақырмай,
Әлгі сүйген жігітіңнен қызғанып.
Қазір бәрі ойлап тұрсам күлкілі.





Пікір жазу