09.08.2022
118

ДӘЛ ОСЫНДАЙ ЖЫР ЖАЗДЫМ...
Ай, Маңғыстау, Маңғыстау,
Тағдырың азап шекпесін,
Ұлдарың бүгін арлы ма?
Баһадүрлерің кеткесін,
Бақадай ұлдар қалды ма?!
Ұлыңда қандай күш қалды?
Жоғалтып алды Дүр кейпін.
Айласы көп дұшпанды,
Найзасы жоқ түйрейтін.
Қашырып алдық киені,
Түбірің кетті үзіліп.
Бабаның асыл сүйегі,
Боркемік болды мүжіліп.
Қалмақтың бұзған қамалын,
Қонайың қайда, Қармысың?
Шығарған жаудың талағын,
Ер Шотан, Досан, бармысың?!
Қалмады титтей тектілік,
Қасиет қашып қанынан.
Басқа бір жаққа бет бұрып,
Айрылды ұрпақ барынан.
Кінәлі мені демеңдер,
Айтқаным үшін көпке сын.
«Ұлтымды сүйем» дегендер,
Ұсақталып кеткесін.
Дәл осындай жыр жаздым...