09.08.2022
  110


Автор: Аллаберген Қонарбаев

ЖАН БАЛАМ – АТАТҮРІККЕ

Ақ күлкіңнен айналдым,
Бастауы сен қайнардың.
Өзіңменен көк құшып,
Жұлдыз бардым, Ай бардым.
Тәтті ғой көз қарасың,
Тәй-тайлап та барасың.
Талпынасың, тынбайсың,
Айқайлап та қаласың.
Қылықтарың тым қызық,
Жанарыңда күн жүзіп.
Әуелете әуп етем,
Мойныма мінгізіп.
Ой, тентегім жылауық,
Қолға алғанда жұбанып.
Содан кейін маужырап,
Ұйықтап кеттің бір ауық.
Айналайын жан балам.
Бал тіліңе алданам.
Мен де өзіңдей бір кезде
Болдым-ау деп таңданам.





Пікір жазу