ӘРУАҒЫҢ ҚОЛДАСЫН, АДАЙ АТА!
Уа, халқым ақтаралық мол шындықты,
Той жыры асып-тасып толсын мықты.
Отпан тау, Адай ата, Ұран отым,
Мәңгілік кепілі боп болсын құтты.
Ақиқат қайта келді шырқап тағы,
Құпия қалтарсытан сыр тартқалы.
Үш жүз алпыс әулие Маңғыстауда,
Олар да Адай ата ұрпақтары.
Шың асу басып өтіп талай белден,
Әр таңды болашаққа балай білген.
Ұрпағы Адай ата – Маңғыстауға,
Алатау, Сайрам асып қалай келген?!
Бәрін де Адай ата жорып тұрды,
Қорамсақ сұр жебеге толып тұрды.
Жеті жұрт жылжып өткен жерұйыққа
Кең Алла кең пейілмен жолықтырды.
Қамкөңіл, қанды көйлек сан ғасырлар,
Түсіріп кеткен екен таңбасын дәл.
Біз бүгінгі тәуелсіздік ұрпағымыз,
Қол созды алдымыздан ән ғасырлар.
Күніміз Тәуелсіздік – арайлы күн,
Әлемге Маңғыстау боп тарайды үнім.
Кетіпті-ау Құрманғазы әнұран ғып,
Адуын ақ дауылды «Адай» күйін.
Көгерді халқымыздың көсегесі,
Дәл бүгін мәртебеміз өседі осы.
Ортасын Отпан таудың ойып тұрып
Қол созды Адай ата кесенесі.
Мақтанып, марқаймаймыз қалай бүгін?
Алашқа атойлады бар айбыным.
Отпай тау – Ұлы Адайдың кесенесі,
Адайдың көрсетіп тұр Адайлығын.
Бізге де бір Алладан хабар келді,
Барыс боп бағдаршамы заман келді.
Мың жасап ұрпағымен Адай ата,
Басына Отпан таудың аман келді.
Халықпыз арда туып самғап ұшқан,
Көтердік көгілдір Ту ар-намыстан.
Елбасының саясаты шыққан алып
Қиян жол қияметті дағдарыстан.
Көңілдер көлкіп шалқып мамыражай,
Даңқымыз солғын тартып арымағай.
Айтулы азаматтар алқаға кеп,
Жыр төкті Ақ Сарай боп Сабыр Адай.
Ұйқысыз ұлтым-ау деп бас қатырып,
Тер қатапы, табанынан таспа тіліп.
Толағай тау көтерген жұмысшы қол.
Баласы боз төбелдің қасқа туып.
Қиял құс қонды қолға арман ән боп,
Бұл күнде бір желіпініп қалмаған жоқ.
Пір Бекет, әулиелер қолдай берсін,
Қуанышы құтты болсын Алла жар боп!