09.08.2022
135
САРҒАЙҒАН САҒЫНЫШ
Сағыныш сезім көкіректі кернейді,
Бір өзіңсіз жыр жазғым да келмейді.
Мен өзіңе өлең жазам жүректен
Не деп ойласа да ел мейлі.
Сарғаямын жапырақтай күздегі,
Қайран жүрек үмітін бір үзбеді.
Қалай қайдан табар екен ол сені,
Әйтеуір-ақ бір өзіңді іздеді.
Сары уайым көңілдегі сағынышым,
Қайғы тесіп барады жарып ішін.
Жүректегі тамырлар толқын болып,
Көкірегім күмбірлейді налып ішім.
Сарғайған сағынышты асыл әнім,
Сағынышпен қайда мен асығамын.
Оның мұңы мені ойлап азбасын деп
Көңілдің көкжиегінде жасырамын