09.08.2022
154

СҮЙГЕН СӘУЛЕМ
Жан жарым Қалампырға
Сүйген сәулем тағдырымсың таңдаған,
Сенсіз жерде бұл дүние тар маған.
Қос көлеңке жалғыз болып өтерміз,
Кездескенде қол ұстасып арман-ән.
Таңдайыңнан тәтті сөздер тамшылап,
Екі көзің жанып тұрған шамшырақ.
Қайда жүрсем құшып-сүйіп тұрады-ау,
Сағынышым менен бұрын қасырылап.
Қаламымды шын жүрекпен қолға алам,
Бір өзіме бақыт құсын жолдаған.
Кеудеме қонып сол бақытым мәңгілік,
Көл бетінде аққу құс боп орнаған.