09.08.2022
  122


Автор: Аллаберген Қонарбаев

АЛМАТЫНЫҢ АЛАҚАНЫ ШУАҚТЫ

Үш күн, үш түн жол үсті,
Алматыға жеттім мен.
Ақ күлкілер тоғысты
Аққу қанат екпінмен.
Вокзал басы, алаңы,
Адамдардың толқыны.
Көтеріп ап барады
Қойнауы кең қолтығы.
Тікесінен тік тұрып,
Тыпыршиды тіршілік.
Дүңгіршектер күпті ғып,
Қол созады құлшынып.
Жем іздеген сияқты,
Сансыз такси балапан.
Бәрінен де шуақты
Алматылық алақан.





Пікір жазу