09.08.2022
  134


Автор: Аллаберген Қонарбаев

БЕКЕТ АТА

Қасиетімен әруағы тұнып тұрған,
Өзіңмен кең Алла жолықтырған.
Пір Бекетім, жаныма жолдас болшы
Мына өмірде адамдар сауық құрған.
Оғыланды, Отпан тау мекенің бе?
Сені жырға бастау ғып өтейін бе?
Сенің ғана қолыңда, уа қасиеттім,
Аққуға ұқсап артыңнан кетейін бе?
Қаратауды құшақтап жүрегіммен,
Алға қарай әрқашан жүремін мен.
Сенің ұлы атыңды қастерлеймін,
Бар мендегі аяулы тілегіммен.
Қайда жүрсем жүрегімде жатырдың,
Бір өзіңмен ақын да мен батырмын.
Имандылық ұраны Пір Бекетім,
Қасиетінен айналдым атыңның.
Маңғыстаудың, Адайдың ұранысың,
Ақындардың көкірек жыр-әнісің.
Киелі өңір – алтын ұя Маңғыстаудың
Имандылық әліппе тұрағысың.





Пікір жазу