09.08.2022
  99


Автор: Сұлтанбек ҚҰДАЙБЕРГЕН

ТЕҢІЗ ЖӘНЕ СЕН

Әдемі ең, теңіз, сен бүгін,
(Ақмаңдай, бәлки, сормаңдай...)
Көгілдір көздің мөлдірін
Кесеге құйып алғандай.
Ызғырық есіп оқпаннан,
Ақпандар қауырсын жонғанда...
Жылымық іздеп ақ қарлар,
Аққулар болып қонғанда...
Ауғанда бесін, ілбіп күн,
Әніндей қудың қарлыққан.
Аққудай әппақ тірліктің –
Баянсыздығын сонда ұққам!...
Теңізде – жатқан «жын ұрып»,
Бар еді арзу жылылық.
Сен-дағы тұрдың жылынып,
Мен-дағы тұрдым жылынып.
Көзімнің сұғы – жебедей
Қадалды барып қай жаққа?..
Бет алды көңіл – кемедей
Жылылық ескен айлаққа.
Мамығын төгіп күн өтті,
Айдында қатып тұр қырау.
Жылына келіп,
Жүректі
Жылытып кеткен құрбым-ау!..





Пікір жазу